ЖАСТАР ШАБЫТЫ ШЫҢДАЛҒАН КЕШ

Түркістан облысында колледж білім алушылары арасында ұйымдастырылған «Шабыт шыңы» өнер фестивалі жас таланттардың басын қосқан мазмұнды мәдени алаңға айналды. Іс-шара «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп, шығармашылық пен рухани дамуға серпін берді.

Фестиваль Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен №11 колледж базасында өтті. Мұнда түрлі колледждерден келген білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және талантты жастарды қолдау. Осы бағытта фестиваль бағдарламасы жан-жақты қамтылып, қатысушылар әртүрлі жанр бойынша бақ сынады.

Атап айтқанда, хор ұжымдары мен вокалды-аспаптық ансамбльдер өнер көрсетіп, эстрадалық жеке орындаушылар сахнаны жандандырды. Сонымен қатар, күй мен би, аспаптық орындау және театр жанрлары да көрермен көңілінен шықты. Әр қатысушы өз қабілетін барынша көрсетіп, сахна мәдениеті мен шеберлігін дәлелдей білді.

Фестиваль аясында ұлттық қолөнер көрмесі де ұйымдастырылып, студенттердің шығармашылық ізденісі мен талғамы айқын көрінді. Қолмен жасалған бұйымдар мен ерекше композициялар көрмеге келген қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Жалпы, «Шабыт шыңы» фестивалі – жастардың өнерге деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына ықпал ететін маңызды мәдени іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА «КІТАП ОҚУ – ТҰЛҒА БИІГІНЕ БАСПАЛДАҚ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда «Алғашқы махаббат» қойылымының премьерасы өтті

Альфия Адамбек

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz