Ораз Бердалы Ғабитұлы — өмірбаян

Ораз Бердалы Ғабитұлы 1999 жылғы 15 қыркүйекте Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінде дүниеге келген. Ол жастайынан білімге құштар, ізденіске бейім болып өсті.
Орта білімін 2017 жылы Монтайтас ауылындағы Бейсен Онтаев атындағы жалпы білім беретін мектепте аяқтады.

Білім жолын жалғастыра отырып, 2017–2021 жылдар аралығында Орта Азия Инновациялық университетінде білім алып, «екі шетел тілі: ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша жоғары білімін тәмамдады. Қазіргі таңда Ресей Федерациясындағы Омск гуманитарлық академиялық университетінің журналистика факультетінде білім алып жатыр.

Журналистика саласындағы кәсіби жолын 2023 жылы Шымкент қаласындағы Azatnews.kz ақпарат агенттігінде тілші ретінде бастады. Осы уақыттан бастап ол ақпарат кеңістігінде белсенді еңбек етіп, бірнеше жетекші интернет басылымдарда — Qazyr.kz, Ushqyn.kz, Zhaiqymedia.kz, Kyn.kz, Pressa24.kz — редактор-журналист қызметтерін атқарып, медиа саласында тәжірибесін кеңейтті.

Қазіргі уақытта Арыс қаласындағы Arysinfo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы қызметін атқарып келеді. Ол өңірлік және республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси тақырыптарды көтеріп, ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс жүргізуде.

2026 жылы Қазақстан тәуелсіздігін насихаттау бағытындағы ақпараттық еңбегі үшін «Аманат» партиясының Арыс қалалық филиалы тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.

Ораз Бердалы — заманауи журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген, ақпараттық кеңістікте өзіндік қолтаңбасы қалыптасып келе жатқан жас маман.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТТАРЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ІС ТАТУЛАСУ РӘСІМІМЕН АЯҚТАЛҒАН

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР 4 МЫҢНАН АСТАМ КОНТЕНТ БҰҒАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

«1,3 миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда»Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алады

berdaly_oraz