ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ АЭС-тің АТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Елімізде бой көтеретін екінші атом электр стансасына «Мойынқұм» атауы берілмек. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа АЭС Балқаш көліне жақын аумақта орналасуы ықтимал. Қазіргі уақытта үш алаң зерттеліп жатыр, нақты шешім алдағы уақытта жарияланады.

«Екінші атом станциясының жұмыс атауы бар – ол Мойынқұм АЭС-і. Жоба бойынша әрқайсысының қуаты 1 200 МВт болатын екі блок салу жоспарланып отыр. Қазір әлеуетті компанияларды анықтау үшін серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды

Өмірді сақтайтын қарапайым қадамдар

berdaly_oraz