ШАРДАРА АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫН 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары, ардақты ағайын!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – татулық пен тұтастықты, достық пен бауырмалдықты дәріптейтін, еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымағын айшықтайтын ерекше күн. Халқымыз ежелден бірлікті ең асыл құндылықтардың бірі санап, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаған.

Бүгінде қасиетті Шардаара өңірінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Бұл – ел ішіндегі ауызбіршілік пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісі.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен толағай табыстары ең алдымен ел ішіндегі тұрақтылық пен бірліктің нәтижесі. Елдегі берекелі ынтымақтың арқасында Шардара ауданы да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, күн санап көркейіп келеді.

Берекелі тірліктің бастауы – бейбітшілік пен татулық. Сондықтан ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет. Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, жастарға достық пен сыйластықтың қадірін ұғындыру – келешек алдындағы маңызды жауапкершілік.

Қадірлі жерлестер!

Мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Ынтымағымыз ырысқа, бірлігіміз баянды болашаққа бастай берсін!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Әкімшілік істегі жазбаша іс жүргізу

Redaktor Arysinfo

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz

Арыста «Жасыл аула» акциясы өтті: тұрғындар туған жерін көгалдандыруға үлес қосты

berdaly_oraz