«Елімай» футболшысы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты

29 жастағы «Елімай» клубының ойыншысы әрі балалар жаттықтырушысы Илья Буртовой Абай – Қарағанды тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды.

Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Илья Буртовой футболдағы мансабын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасынан бастап, кейін футзал мен әуесқой командаларда өнер көрсетті. 2025 жылы «Елімай» сапында Қазақстан Кубогы мен Бірінші лигада ойнаған. Сондай-ақ ол балалар футболында жаттықтырушы болып еңбек еткен.

Марқұмның мезгілсіз қазасы отандық футбол қауымдастығы үшін ауыр қайғы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Бразилия – Марокко: бір-біріне дес бермеді

Redaktor Arysinfo

Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

ГОРЫ НЕ ПРОЩАЮТ ОШИБОК

Redaktor Arysinfo