АРЫСТА ӨНДІРІСТІК ПАРК НАҚТЫ ЖОБАЛАРМЕН ТОЛЫҒУДА

фото:Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қаласында өндірістік әлеуетті арттыру және инвестиция тарту мақсатында құрылған өндірістік парк нақты жобалармен толығып келеді. Арыс–Шардара автожолы бойында орналасқан өндірістік аймақта жергілікті кәсіпкерлер өндіріс орындарын орналастыру жұмыстарын бастап кетті.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев өндірістік паркке барып, инвесторлар және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында жобаларды іске асыру барысы талқыланып, кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалды.

Қазіргі таңда парк аумағында термопанельдер өндіру, жиһаз жасау, түйе сүтін терең өңдеу және табиғи газ есептегіш құралдарын шығару бағытындағы өндірістерді іске қосу жоспарланған. Инвесторлар қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, өндіріс желілерін іске қосуға дайындық жүргізуде.

Жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын өндірістік парк аумағында 6 өндірістік ғимарат салынған. Мұнда электр желісі, ауыз су, кәріз жүйесі және табиғи газ инфрақұрылымы толық жүргізілген.

Жоба өңірдің өндірістік қуатын арттырып, инвестиция көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде жаңа қойылымның тұсауы кесілді

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo