Түркістанда журналистер мен блогерлер ұлттық спорттан бақ сынады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Түркістанда журналистер мен блогерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

«Достық үйінде» ұйымдастырылған сайыста қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындары – асық ату мен тоғызқұмалақтан өзара күш сынасты. Олар мергендік, ептілік және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, тартысты бәсеке өткізді.

Іс-шара барысында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында ҰОС ардегерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Redaktor Arysinfo