Түркістан облысында Президент атынан журналистерге пәтер кілті табысталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан өңірлік БАҚ өкілдеріне баспана кілті табысталды.

Салтанатты рәсімде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа пәтерлердің кілтін иелеріне табыстап, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол Мемлекет басшысының ақпарат саласы қызметкерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалайтынын атап өтті.

 

Президент тапсырмасы аясында жаңа баспанаға ие болғандардың бірі – «24KZ» телеарнасының Түркістан облысындағы телеоператоры Ерболат Әбішов. Сондай-ақ Созақ аудандық қоғамдық-саяси «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Нұрсұлтан Шертаевқа да баспана кілті берілді.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл бастама журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және кәсіби қызметіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Айта кетейік, биыл алғаш рет Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне де баспана беру туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ ПО УБОРКЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ МЕЖДУНАРОДНОМУ ДНЮ «МИР БЕЗ ОТХОДОВ»

Redaktor Arysinfo

Сандуғаш СЕЙІЛХАН — өмірбаян

berdaly_oraz

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ РЕФЕРЕНДУМ!

Redaktor Arysinfo