«Ұлтым – белорус, жаным – қазақ»: Қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпшілікті тәнті етті

Жамбыл облысындағы Ұлттық ұланның №5513 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы Василий Мазур қазақ тілін ана тіліндей еркін меңгеруімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ұлты белорус болса да, қасиетті Жуалы өңірінде өсіп, қазақ мектебінде білім алған сарбаз қазақтың тілі мен дәстүрін бойына сіңірген. Бүгінде оның отбасы да күнделікті тұрмыста қазақ тілінде сөйлеседі.

Василийдің айтуынша, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасқан. Қазіргі таңда ол Тараз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік тілді еркін қолданып, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүр.

Үлгілі әскери қызметші жыл басында өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында жеңімпаз атанып, енді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы кезеңіне дайындалуда.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

berdaly_oraz

Жетісай ауданында орын алған өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

berdaly_oraz

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

Redaktor Arysinfo