25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп жатыр

дереккөз фото: Aikyn.kz

Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік дайындық қарқыны күшейді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп, әскери бөлімдерде оқу-жаттығулар мен кәсіби машықтарын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Арнайы даярлық барысында әскери қызметшілер заманауи қару-жарақ пен техниканы меңгеріп, тактикалық іс-қимылдарды, атыс, инженерлік және медициналық дайындықты пысықтайды. Бұл шаралар Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттырып, кез келген тапсырманы тиімді орындауға бағытталған.

Министрлік мұндай кешенді дайындық әскери бөлімдердің үйлесімді іс-қимылын нығайтып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН БІРЕГЕЙ ОҚУ ОРНЫ БАР

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 1 мың шақырымнан астам жол мен көледе құрылыа-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ «ҚАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo