дереккөз фото:Aikyn.kz
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өз жұмысын бастады. Ауқымды саяси жиынға еліміздің барлық өңірінен келген 1 000-нан астам делегат, партияның облыстық филиалдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар қауымдастығы мен өзге де шақырылған қонақтар қатысып жатыр.
Съезд барысында партияның алдағы даму бағыты, ұйымдық мәселелер және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты өзекті бастамалар талқыланады деп күтілуде. Сондай-ақ партия қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануы ықтимал.
Кезектен тыс съезд – партияның алдағы кезеңдегі саяси ұстанымы мен стратегиялық басымдықтарын айқындайтын маңызды алаң саналады.
