Монтайтас: Шағыр ауылының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округіне қарасты Шағыр ауылында тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар аулаларды таза ұстау, көше бойындағы аумақтарды абаттандыру, ағаштар мен көшеттерді күтіп-баптау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау – тек жауапты мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.
Тазалық мәдениетін қалыптастыру және ауыл аумағының көркін арттыру мақсатында тұрғындарды сенбіліктерге белсенді қатысуға, туған жерді таза әрі көрікті ұстауға шақырылды.
Ауылдың тазалығы – тұрғындардың мәдениеті мен ауызбіршілігінің айқын көрінісі. Сондықтан Шағыр ауылының әрбір тұрғыны туған жерінің тазалығына үлес қосып, ауылды көркейту ісіне белсенді атсалысуы маңызды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен іс-шара барысында тиісті сала мамандары Шағыр ауылының тұрғындарына ӘҚБтК-нің 505-1 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстауға, заң талаптарын сақтауға және туған жеріміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Как можно получить справку о недееспособности либо ограниченной дееспособности?

Альфия Адамбек

Түркістан облысында қайтарылған активтер қоғам игілігі үшін пайдаланылуда

Redaktor Arysinfo

Қазақстан жаһандық сот төрелігі жүйесіндегі ұстанымын күшейтеді