ДАУЫС БЕРУ 10 МЫҢНАН АСТАМ УЧАСКЕДЕ ӨТЕДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумов дауыс берудің қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді.

Дауыс беру еліміз бойынша 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір учаскелерде, мысалы, әскери бөлімдерде, үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында, вахталық кенттерде, демалыс үйлерінде, санаторийлер мен ауруханаларда және тағы басқа жерлерде учаскелік комиссия тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады.

Дауыс беруге арналған үй-жайда болатын адамдар учаскелік сайлау комиссиясы белгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болатын азаматтардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды

berdaly_oraz

Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне өңірді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

Redaktor Arysinfo