Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті әлі табылмады

Кеше Қаскелеңде, тура сот залынан қашып кеткен аса қауіпті күдікті әлі табылған жоқ, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Еске салайық, кеше таңертең қыз зорлады деген айыппен қолға түскен күдікті сот залынан қашып кеткен еді. Полиция мәлімдеме жасап, дереу іздеуге кірісті. Алайда Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қылмыскердің әлі табылмағанын айтты.

“Иә, кеше Қаскелең сотынан қашып кетті. Біздің орган қызметкерлерінің өз ісіне аса жауапты қарамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күлдікті әлі табылған жоқ. Табамыз”, — деді Игорь Лепеха.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жаңа жобаларға серпін береді

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады

Түркістандық ақын халықаралық мүшәйрада жүлдеге ие болды