Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

Түркістан облысының әкімдігі неміс технологиясын қолдану арқылы жол құрылысын жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл мәселе өңір әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Германиядан келген инвесторлар арасындағы кездесуде талқыланды.

Кездесуге «German — GreenTec Ecologic GmbH» компаниясының өкілі Фридрих Штек, «Anderbold — Сибирь» компаниясының бас директоры Сергей Шнайдер, «Underbold Ltd.» басшысы Талғат Керімов және бірқатар мамандар қатысты.

Зұлпыхар Жолдасов әкімдік тарапынан бұл бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізіп, пилоттық жоба ретінде өңірдегі проблемалық көшелерде «underbold» тұрақтандырғышын сынақтан өткізуді тапсырды.

«Underbold Ltd.» – Германияның «German-greentec Ecologic GmbH» компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті өкілі. Компания экологиялық таза «underbold» эмульсионды тұрақтандырғышын қолдану арқылы бюджетті 30%-ға дейін үнемдеуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл технология құрылыстың уақытын қысқартып, ауа райына жоғары төзімділікке ие (-50°C-тан +50°C-қа дейін).

Қазіргі таңда Түркістан облысында 17 700 шақырым жол бар. Биыл 1 103,3 шақырым жол жөндеу және салу жұмыстарына жоспарланған. Егер жаңа технология тиімділігін дәлелдесе, өңірде неміс сапасына негізделген жол құрылысы кеңінен қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентке Еуропа елдерінің елшілері сапармен келді

berdaly_oraz

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу