Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовқа жасалған күрделі ота сәтті өтті. Операция төрт сағатқа созылып, оның нәтижесінде Берденовтың жағдайы тұрақтанды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, операциядан кейін Руслан Берденов есін жиды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Операция барысында қан кету тоқтатылып, жарақаттардан келген зақымдар қалпына келтірілді. Берденовтың оң жақ кеудесіне атылған оқ оның өкпесін, қабырға аралық артерияларын және диафрагмасын зақымдаған. Сонымен қатар ішкі органдарға да зиян келген, бірақ қазіргі таңда оның жағдайы бақылауда.

Науқасқа қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде, дәрігерлер оның жағдайын жақсарту үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды

berdaly_oraz

Пікір жазу