Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

Шымкентте «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай әкімдікке қарасты бөлім басшысы Руслан Берденовке қастандық жасағаны жөнінде мәліметтер тарады. Бұл компания тұрғын емес нысандарды салумен айналысатын, қала әкімдігіне бағынышты ұйым саналады.

Тергеу дерегінше, күдікті он күн бұрын өткен кеңесте болған жанжалдан кейін Берденовке ашуланған. Жиында Жиенбайдың дөрекі сөйлегені үшін оған әкім орынбасары сөгіс жариялап, залдан шығуын сұраған. Осыдан кейін Берденов компания жұмысына тексеріс жүргізіп, Жиенбайды қызметінен босату жөнінде шешім қабылдаған.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, осы оқиғадан кейін Жиенбай кек алуға бел буып, өзімен бірге 10 оқ алып шыққан. Ол бірнеше рет оқ атқанымен, Берденовтің жүргізушісі көлігімен оны қағып тоқтатқан. Қоғамда Берденов пен күдіктінің жұбайы арасында байланыс болған деген болжам айтылғанымен, тараптар бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

berdaly_oraz

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

АРЫСТА 10 ТӨСЕКТІК ЗАМАНАУИ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

berdaly_oraz