Сарыағашта Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ассамблеяның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Сарыағаш ауданында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік күн «Бірлік жарысы» ұранымен өткен жүгіру марафонынан басталды. Көктерек кентінен бастау алған марафон Жарты төбе ауылдық округінің Бостандық елді мекеніне дейін жалғасып, 5 шақырымды қамтыды. Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысып, 350-ден астам адам бақ сынады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев та марафонға қатысып, барша халықты айтулы мерекемен құттықтады.

Марафоннан кейін Жарты төбе ауылдық округінде мерекелік іс-шаралар жалғасын тапты. Аспаздық сайыста түрлі этнос өкілдерінен құралған 10-нан астам жас өз шеберліктерін ортаға салып, ұлттық тағамдар дайындаудағы қабілеттерін көрсетті. Бұл шара этносаралық татулықты нығайтып, жастар арасында аспаздыққа деген қызығушылықты арттырды.

Концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары ән мен би арқылы көпшіліктің көңілінен шықты. Мерекелік кеш соңында аудан әкімі жеңімпаздарды марапаттап, демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

berdaly_oraz

Арыста тұрғындар ағаш отырғызуға жұмылды: «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Пікір жазу