Түркістанда Мажарстандық инвестициямен құрама жем зауыты салынады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мажарстанның Алматыдағы Бас консулы Саболч Карой Сёке бастаған делегациямен кездесу өткізіп, облыс аумағында жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында «UBM Group» компаниясының өкілдері де қатысты.

Мажарстанның жетекші ауыл шаруашылық компаниясы саналатын «UBM Group» Түркістан облысында заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Жылдық өндірістік қуаты 200 мың тонна болатын зауыттың өнімдері ішкі нарықпен қатар, шетелге де экспортталмақ.

Кездесуде Нұралхан Көшеров облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, бірлескен кәсіпорынның тиімділігіне назар аударды. Тараптар алдағы уақытта өзге де жобалар бойынша әріптестікті нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» — Венгриядағы ең ірі жем өндіруші компаниялардың бірі. Жылына 450 мың тонна өнім өндіреді, 4 құрама жем зауыты жұмыс істейді және 15 елге экспорт жасайды. Сондай-ақ, астық пен майлы дақылдар саудасының көлемі жылына 1,5 миллион тоннаны құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Моңғолиядағы елшіні ауыстырды

berdaly_oraz

Ата-аналар әскердегі ұлдарының қызмет ету жағдайларымен танысты

Шымкент әкімдігі Берденовтың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

Пікір жазу