Түркістан облысында марқұм полицейдің әйелі 14 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Полиция қызметкерінің жесірі 14 млн теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында қызметтік матч кезінде қайтыс болған полицейдің жесірі Ішкі істер департаментінен 14 млн теңге өтемақы өндіру туралы сотта жеңіп шықты.

Марқұм спорттық жарыс кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Кейіннен оның қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмғаны дәлелденді.

Сот жесірдің пайдасына шешім шығарып, мемлекеттік органнан моральдық және материалдық зиян өтемі ретінде қаржы төлеуді міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Халықтың қамы мен мемлекеттің мүддесі – мен үшін ең қымбат құндылық

berdaly_oraz

Арыс: ауылдықтарға «Таза Қазақстан» бағдарламасы түсіндірілді

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласы және ауылдық округтердегі агроқұрылымдарға субсидия бөлінеді

berdaly_oraz