Отырар ауданында дезинсекциялық шаралар жалғасуда

Отырар ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары сәуір айында басталды. Аудан аумағындағы 26 елді мекен 7 секторға бөлініп, жұмыстар тұрақты атқырылып жатыр, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сырдария өзені мен Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ешкіқора, Көлкудық елді мекендері тұсынан суға 7 рет бактериологиялық «Бактицид» дәрісі құйылды. Залалсыздандыру шараларына 15 арнайы техника, 4 қайық жұмылдырылды.

Шәуілдір, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Қоғам, Қарғалы, Талапты, Отырар, Темір ауылдық округтерінде баръерлік залалсыздандыру жұмыстарына «Кардинал КЭ» дәрісі қолданылуда. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына 12 техника жұмылдырылған. Дезинсекциялық шаралар тұрақты түрде жалғасады.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралармен Сырдария өзені, сондай-ақ, Түркістан, Арыс қалалары және Отырар, Шардара, Сауран аудандары қамтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары белсенді өтті

berdaly_oraz

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

Арыста «Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтеді: тұрғындардан түсіністік сұралады

berdaly_oraz

Пікір жазу