Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыста жалпы жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған қазандық және 1 622 автономды қазандық құрамында бар. Аталған жылу орталықтары арқылы өңірде  1297 білім, 685 денсаулық сақтау, 210 мәдениет, 7 жұмыспен қамту, 73 спорт және 737 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының орынбасары Роза Сариеваның мәлімдеуінше, жылу энергетикалық кешендеріне қажетті отын көлемі жасақталуда. Жалпы алдағы жылыту маусымына 109,7 мың тонна көмір, 20 мың литр дизель, 7,9 мың тонна мазут, 27 627 мың м3 газ қажеттілігі бар. Жалпы бюджеттік ұйымдардың қазандықтарына қажетті көмір көлемі нақтыланып, қазіргі таңда сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Зұлпыхар Жолдасов басқармалар мен аудан әкімдіктеріне шұғыл түрде көмір жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды, коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың қаржылық мәселесін шешу бойынша шаралар қабылдауды жүктеді. Сондай-ақ, газ жеткізілген елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарын жоспарлауды, жылыжайларға көмірдің жеткізілуін тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Жиында сала өкілдерінің және аудан, қала әкімдіктерінің есебі тыңдалды. Салалық басқармалардың ақпаратына сәйкес, облыста бюджеттік ұйымдардың жылу желілеріне қысымдау жұмыстары 2 272 мекемеге жүргізіледі. Сонымен қатар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 737 көппәтерлі тұрғын үйдің жылу беру маусымына дайындығы жүргізілуде. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1 мамырдан бастап «Tөлем» жүйесі тоқтайды.

berdaly_oraz

Түркістан мен «Қазақстан халқына» қоры: жаңа жобалар, нақты қолдау

berdaly_oraz

Азамат Әмрин Ұлттық экономика министрлігінде жоғарылады. Енді ол вице-министр емес, бірінші вице-министр қызметін атқарады.

berdaly_oraz

Пікір жазу