Шымкентте полицей тергеу изоляторындағы әйелді зорлағаны үшін 9 жылға сотталды

2023 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласында шұғыл уәкіл тұтқындалған әйелді зорлады деген айыппен қылмыстық жауапқа тартылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті жәбірленушіні «анасына қоңырау шалдырамын» деген желеумен камерадан қоймаға апарып, сол жерде оның еркіне қарамастан зорлаған.

Жәбірленуші бұл жайтты бірден хабарламаған. Алайда 2024 жылдың қазанында медициналық тексеру кезінде ерте жүктілік анықталып, арнайы тергеу амалдары басталған.

Сот үкімімен экс-полицей 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге 77 мың теңге өтемақы төлеп, іс жүргізу шығындарын өтеуге міндеттелді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда полиция бастығы тұрғындарға қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА 700-ДЕН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛҒАН

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Келес ауданында ауыз сумен қамту жұмыстары жанданды