Жылыту маусымына 40 млрд теңге бөлінді

Петропавлда жылу электр орталығындағы жаңа мұржа қыркүйектің соңында дайын болады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазір кәсіпорында ескірген қазандықтар мен турбоагрегаттар жөнделіп, теміржол желісі қалпына келді. Бұл іске 28 млрд теңге инвестиция тартылды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуы бойынша, биыл аудандардағы 24 қазандықты жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінген.

Ал қалада көпқабатты 300-ге жуық үйдің құбыры сынақтан өтті. Облыс бойынша 53 мың тонна көмір қоры бар.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында Президент тапсырмалары аясында әлеуметтік қолдау мен денсаулық сақтау саласында ауқымды жобалар іске асуда

berdaly_oraz

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Түркістан – түркі руханиятының алтын бесігі

Redaktor Arysinfo