Түркістанда ашық аспан астында «Абай жолы» деректі фильмі көрсетілді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында ашық аспан астында «Абай жолы» деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кешкі уақытта өткен ерекше форматтағы іс-шараға қала тұрғындары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары, жалпы 100-ге жуық адам қатысты. Көрсетілім барысында оқырмандар Абай тұлғасының көркем бейнесі мен заманына терең бойлап, фильм арқылы оның ғибратты ғұмыры жайлы тың деректер алды. Кітапхана ұжымы тарапынан осы форматтағы көрсетілімдерге сұраныстың жоғары екені ескеріліп, оқырман қызығушылығына орай алдағы уақытта «Фараб кинотеатры» жобасын тұрақты түрде жалғастыру жоспарланып отыр. Аталған жоба шеңберінде жыл соңына дейін түрлі деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, әрбір кинотуындыдан кейін тақырыптық талқылаулар, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Келесте коммуналдық сала қызметкерлеріне 32 бірлік жаңа техника табысталды

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Redaktor Arysinfo