«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 қараша күні Түркістан облысының солтүстік, оңтүстік және батыс аумақтарында, сондай-ақ таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі артады.
Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
таулы және тау бөктерлі аймақтарға бармау;
табиғатқа шығуды, аңшылық пен серуендеуді шектеу;
жолда қозғалыс кезінде жылдамдықты азайтып, көлік жүргізу ережелерін қатаң сақтау;
мүмкіндігінше елді мекендерден алысқа шықпау.
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қорғауға шақырамыз.
