Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік қолдау кеңінен түсіндірілді

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға ниетті кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан 2021–2030 жылдарға арналған салалық бағдарлама аясында жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Үкімет бекіткен жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін өңірде тауарлық балық өндіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу көзделген. Ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 9 123 тоннаға дейін ұлғайтылмақ. Жоспар балық шаруашылығын жүйелі дамытуға, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және экономикалық өсімге серпін беруге бағытталған.

Саланы қолдау мақсатында қомақты қаржы қарастырылған. 2026 жылы облыстық бюджеттен аквакультураны субсидиялауға 500 млн теңге бөлінсе, республикалық бюджет есебінен инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу үшін 144 млн теңге қаражат қаралған. Бұл шаралар кәсіпкерлердің шығындарын азайтып, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдауды тиімді түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылып, кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Жиын барысында субсидия алу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, инвестициялық өтемақы шарттары және өзге де өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қазіргі таңда Түркістан облысында аквакультура саласында 200-ге жуық кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді. Сонымен қатар өңірде жергілікті маңызы бар 104 су айдыны тіркелген. Оның 74-і кәсіпкерлерге конкурс арқылы берілген, ал 30 су айдыны резервте тұр. Мамандар бұл көрсеткіштер балық шаруашылығын дамытуға өңірдің әлеуеті жоғары екенін аңғартады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 144 отбасы жаңа арендалық баспанаға ие болды

berdaly_oraz

Түркістан облысы: Сайрам ауданында 100 түп ағаш отырғызылған кең ауқымды сенбілік өтті

berdaly_oraz

AMANAT: ӘРБІР АРЫЗ-ШАҒЫМ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

berdaly_oraz