Абай облысында адам саудасымен айналысқан әйелге сот үкімі шықты

Абай облысында адам саудасына қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Аягөз қаласының тұрғыны адамдарды заңсыз еңбекке тарту мақсатында алдап, сатумен айналысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталған әйел 2024–2025 жылдар аралығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды әдейі іздеп тапқан. Ол көбіне адамдармен Семей қаласында – вокзал мен базар маңында танысқан.

Күдікті жәбірленушілерге “жұмыс тауып беремін” деп уәде беріп, олардың сеніміне кірген. Кейін оларды шаруа қожалықтарына жіберіп отырған. Алайда жұмыс берушілер алдын ала төлеген қаражатты өзі иемденіп келген.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕРЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда 1000 МВт электр стансасы жобасы қалай іске асып жатыр

berdaly_oraz

Түркістан облысында полиция студенттермен бірге 2000-нан астам заңсыз сайтты бұғаттады

berdaly_oraz