Арыс: Республика күні қарсаңында сайлау комиссиясы мүшелері марапатталды

25 қазан Республика күні мерекесіне орай, Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін мерекелік марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік іс-шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Е.Қуандық, қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков, қалалық мәслихат аппаратының басшысы М.Сыдыхов, аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Е.Қуандық құттықтай сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Өсербаевтың, Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараевтың алғыс хаттары,  Арыс қалалық мәслихат аппаратының басшысы М.Сыдыховтың  мәслихат Грамотасы мен  Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Махановтың алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 700 адамдық алып киіз үйі бар этно-кешен ашылады

Redaktor Arysinfo

САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz