ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
— деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары аясында Қостанай қаласында дзюдодан тартысты бәсеке өтті. Екі күнге созылған додада еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 240-тан астам жас спортшы бақ сынады. Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалалармен қатар облыс орталықтарының да өрендері белсенді қатысты.

Бұл жарыста Шымкент қаласының жас дзюдошылары сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, бір күміс, бір қола медаль еншіледі.
Атап айтқанда:

Гүлсезім Тұрлыбек (70 келі) – алтын медаль,

Сапарғали Салхан (81 келі) – күміс медаль,

Нұрсезім Тұрлыбек (63 келі) – қола медаль иеленді.

Жекелеген нәтиже бойынша жарқыраған жастарымыздың арқасында Шымкент қаласының құрамасы жалпы есепте бесінші орынды еншіледі.

Бұл дода — жас спортшылар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, алдағы республикалық және халықаралық сайыстарға жолдама берер үлкен мүмкіндік. Ел мерейін асырып жүрген жас дзюдошыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы ауыр оқиға: Лифт ішінде жасөспірімнің кішкентай балаға шабуылы

berdaly_oraz

Жаңа жылға миллиондар, Наурызға – көк тиын да жоқ: ұлттық мерекеге неге қаржы бөлінбеді?

berdaly_oraz

Үш айналым жасайды: «Арыс – Монтайтас» бағытындағы жаңа автобус кестесі бекітілді

berdaly_oraz

Пікір жазу