ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚАЗЫҒҰРТТА  ГҮЛДЕДІ

Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін Tulipa greigii – Грейг қызғалдағы табиғат көркін ерекше ажарландырып отыр. Көктемнің шуақты күндері бүр жаратын  әсем гүл еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана өседі. Қазіргі таңда, биіктігі шамамен 10-15 сантиметр аралығында болатын қызғалдақтар  кең алқапты қызыл түске бояп, көздің жауын алатын табиғи кілемге айналып жатыр. Жұпар иісі аңқып, көрген жанға ерекше әсер сыйлайтын қызғалдақтар көктемнің шынайы символына айналған.
Грейг қызғалдағы – Орталық Азияға тән эндемик өсімдік.  Бұл өсімдік алғаш рет XIX ғасырда зерттеліп, атауы белгілі ботаник Самюэль Грейгтің құрметіне берілген. Ғылыми тұрғыдан құнды саналатын бұл түрдің жапырақтарындағы қара-қоңыр жолақты өрнектер мен ірі, ашық гүлдері оны басқа қызғалдақтардан ерекшелендіреді. Алайда, мұндай сирек кездесетін өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді. Грейг қызғалдағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің қатарында болғандықтан, оны жұлуға, таптауға немесе заңсыз жинауға қатаң тыйым салынған.
Табиғи мұрамызды сақтау, оны келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Табиғатқа жанашырлықпен қарап, осындай ғажайыптарды бірге қорғайық.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келесте жібек құртын өндіру жобасы іске қосылады

Түркістан облысында 160-қа жуық азамат ауыл шаруашылығы санағына нұсқаушы ретінде жұмысқа тартылады

Түркістандағы жылыжай өндірісі: 2 мың тонна қызанақ өндірілді

Redaktor Arysinfo