Шымкенттегі «Tulip Hall» мәдени кешен атауын журналист сынға алды: Тұлып па, қызғалдақ па?

Сурет: yandex

Шымкент қаласында жаңадан ашылған Tulip Hall мәдени кешенінің атауына байланысты қоғамда пікірталас туындады. Өңірдегі беделді журналист Базаркүл Қалбыр бұл атаудың қазақ тілінде жағымсыз мағына тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Tulip» сөзі ағылшын тілінен аударғанда қызғалдақ дегенді білдіреді. Алайда, қазақ тілінде «тұлып» сөзі өлген малдың терісі деген мағына береді. Журналист өзінің балалық шағындағы әсерлі естелігі арқылы бұл сөздің маңызын жеткізіп, атаудың екі тілде мүлде басқа қабылданатынына назар аударды.

> «Tulip Hall» дегенді естіген сайын, бала кезімдегі тұлыпты иіскеген сиыр есіме түседі. Тұлып – біздің өңірде өліктің терісі. Қызғалдақ деп атағысы келсе, «Қызғалдақ сарайы» деп қазақша қойған әлдеқайда жарасымды болар еді,» – дейді журналист.

 

Оның айтуынша, шетел тіліндегі атаулардың орнына ұлттық нақыштағы, түсінікті әрі мағыналы қазақша баламалар қолданылғаны жөн. Бұл тіл мәдениетін сақтау мен дамытудың бір жолы.

Сондай-ақ, Базаркүл Қалбыр тілдің ұлт болашағындағы рөлін ерекше атап өтті:

«Мемлекеттік тілдің қолданылуы – ұлттың болашағын қорғаудың кепілі. Тіл сақталмаса, ұлттың да болашағы жоқ.»-деді ол.

Бұл пікір қоғамда қызу талқылануда. Көпшілік мұндай мәдени нысандарға қазақы атаулар берілуі қажет екенін қолдап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНАН СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент әкімдігі Берденовтың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

Өңір жаңалықтары: Сауранда 600 адам ауқымды тазалық шарасын өткізді

Пікір жазу