Түркістан облысы инвестиция тартуда айтарлықтай жетістікке жетті

2025 жылдың алғашқы үш айында Түркістан облысы 196,5 млрд теңге инвестиция тартып, ел бойынша қысқамерзімді экономикалық өсім бойынша екінші орынды иеленді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық көрсеткіш.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар берген еді. Осыған сай, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өңірде инвестиция тарту басым бағыттардың бірі ретінде қолға алынды.

Облыстың экономикалық серпінін арттыру мақсатында 2025-2028 жылдарға арналған 2,3 трлн теңге көлеміндегі 110 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Бұл жобалар аясында 19 783 жаңа жұмыс орны ашылып, 84 млрд теңге салық түсімі күтілуде. Биылдың өзінде 322 млрд теңгеге бағаланған 57 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар арқылы 6908 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар, өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. 3 сәуірде өткен халықаралық бизнес-форумға алты елден 100-ден астам инвестор қатысып, Түркістанның экономикалық әлеуетімен танысты. Мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылып, бірқатар маңызды жобалар бойынша келіссөздер өткізілді.

Түркістан облысы бұл қарқынмен ел экономикасының маңызды тіректерінің біріне айналуға бет алды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

Шымкентте бәйшешек гүлдеді: көктемнің алғашқы белгісі

berdaly_oraz

Мектеп оқулығындағы сілтеме дауы: Оқушылар букмекерлік сайтқа тап болған

berdaly_oraz

Пікір жазу