Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында кеңінен талқыланды.
Қауіпсіздік шаралары қандай деңгейде?
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық су шаруашылығы нысандары, өзендер мен су қоймалары қатаң бақылауда. Су тасқыны қаупін азайту мақсатында:
Инженерлік техникалар үнемі дайындықта;
«Шардара» (87%) және «Бөген» су қоймаларында (80%-дан жоғары) қауіпсіздік шаралары күшейтілген;
Су өткізу жүйелері ұдайы тазартылуда;
Таулы аймақтарда тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің айтуынша, өңірде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Өзендердегі су деңгейі ортадан төмен, су қоймалардағы толымдылық 37% деңгейінде.
Алдын алу шаралары мен атқарылған жұмыстар
39 іс-шараның 30-ы толық аяқталды;
95 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазартылды;
46 шақырым өзен арнасы түзетілді (Арыс, Жаңақорған, Құрсай, Тастақсай, Қарашық өзендері);
5 тоспа орнатылды (Сауран, Отырар аудандары);
491 шақырым арық, 654 шақырым канал тазартылды;
263 техника, 124 арнайы техника, 11 қайық, 92 мотопомпа дайындыққа келтірілді;
129,8 мың қап құм, 148,1 тонна жанар-жағармай қоры жасақталды;
77 кәсіпкермен төтенше жағдай кезіндегі азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктер бойынша меморандум жасалды.
Алдағы жоспарлар
2025-2026 жылдарға арналған алдын алу шараларының жаңа жоспары әзірленуде. Оның аясында:
🔹 Өзен арналары түзетіледі;
🔹 Қорғаныс дамбалары қалпына келтіріледі;
🔹 Автомобиль жолдарындағы су өткізу жүйелері кеңейтіледі;
🔹 Көпірлер күрделі жөндеуден өтеді.
Облыс әкімдігі мен жауапты мекемелер жағдайды қатаң бақылауға алып, алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда өңірдегі су тасқынына байланысты жағдай тұрақты.