Түркістан: Жетісайда ерекше балаларға мерекелік қуаныш сыйланды

Жетісай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық шара өтті.

Аудан әкімі Серік Мамытов мектеп-интернатқа барып, 181 бүлдіршінді мерекемен құттықтап, спорттық және оқу құралдарын табыстады.

Шара барысында балалардың оқуына, дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қажетті жағдайлар жасалғаны атап өтілді. Сонымен қатар, білім ордасының асханасы, сыныптары мен жатақхана жағдайы тексеріліп, қауіпсіздік пен жайлылық мәселесіне ерекше назар аударылды.

Наурыз қарсаңындағы бұл бастама – қоғамдағы мейірім мен қамқорлықтың нақты көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ ЫРЫСЫ

Redaktor Arysinfo

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенмен кездесті

berdaly_oraz

ШІЛДЕДЕН БАСТАП ИПОТЕКА АЛУ ШАРТТАРЫ ҚАТАҢДАЙДЫ