ГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ — ШАЙМЕРДЕН ЕСЕНҰЛЫ

Шаймерден Есенұлының  геология ғылымында   сіңірген еңбегі өлшеусіз екені аян. Ғылым саласында тер төккен ол ұлтқа шексіз еңбек етті.

Әсіресе, қазақ геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның академигі Шахмардан Есенұлының есімін қалың қазағы еш ұмыта қоймас.

Ш.Есенұлы дегенде оның геологиялық қызмет пен ғылыми және инженерлік ұлттық кадрларды дайындаған еңбегін ерекше айтпақ керек. «Мен президент кезімде ұлт кадрларынан академиктер қатарын толықтыруға тырыстым. Корреспондент-мүшелер саны көбейді. Маған тым ұлтшылсың деген кінә тағылды. Соған қарамастан қазақтың жас әрі білімді жігіттерін көп тарттым»,- дейді ғалым өз сөзінде.

Шахмардан Есенұлының есімін қай күндері де еске алуға тұрарлық азамат екені рас. Әсіресе, оның  небары 33 жасында министр атанған, сонысымен КСРО аумағындағы ең жас басшы болған, жастығына қарамай, ердің ері атқарар міндетті мүлтіксіз орындаған Шахмардан Есенұлы есімін еске алып өткеннің еш артығы жоқ.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КӨШБАСШЫ  САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo

ҚҰСБЕГІЛІК — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА

Redaktor Arysinfo

КОМАНДАЛЫҚ АЙТЫСТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Redaktor Arysinfo