“Өзі хайп қуған қыз”: Айнұр Жүгінісова ұлы Рүстем мен блогер Эммануэлла арасындағы дауға пікір білдірді

Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова ұлы Рүстем Жүгінісовке қатысты әлеуметтік желідегі дауға алғаш рет пікір білдірді. Ол журналист Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында Рүстемнің сөзі дұрыс болғанын, бірақ қоғамның оны қате түсінгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Рүстем қыздарға ағасының не әкесінің рұқсатынсыз кешке шықпауды ескерткен еді. Бұл – ақылға қонымды кеңес. Бірақ оны жұрт жас болғаны үшін сынады. Ақылы дұрыс болғанымен, тәжірибесі аз деп бағалады”, – деді актриса.

Ол блогер Эммануэлла Наурызбаеваның әрекетіне де тоқталып, оның діни мекемеде видео түсіргенін орынсыз деп есептеді.
“Қыз мешіттің ерлер жағында несі бар? Күн сайын бір видео шығарып, жылап отырады. Бұл нағыз хайп. Ондай адам өзіне сондай адамдарды тартады. Ертең жолында сондай еркек кездесуі де мүмкін”, – деді Айнұр Жүгінісова.

Актриса ұлына бағытталған сындардың бір бөлігі тіпті діни орталардан келгенін айтып, “Рүстемді имамдардың өзі көре алмай, аяқтан шалды” деп ашық айтты. Оның сөзінше, қоғам жастарды қолдаудың орнына жиі даттауға бейім.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас: Атамекендегі жарықсыз көшелер,ақпан айының соңына дейін толығымен жарықтандырылады

berdaly_oraz

2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Redaktor Arysinfo

ЕҢБЕК АДАМЫ ОМАР САРБАСОВ

Redaktor Arysinfo