АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 30 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған.

Олардың қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғарғы оқу орындары бар. Сондай-ақ, Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow сынды білім ордалары арыстық оқушыны өз қатарларынан көргісі келеді.

«Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың нәтижесі. Ерасылды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!» — дейді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______

ШКОЛЬНИК ИЗ АРЫСИ ПОЛУЧИЛ ПРИГЛАШЕНИЕ ОТ 30 ЛУЧШИХ УНИВЕРСИТЕТОВ МИРА

Ученик 11 класса лицея-интерната имени Абая «Білім инновация» города Арысь Ерасыл Жунисбек получил приглашение от 30 лучших университетов мира.
В их числе такие вузы США, как City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University. Также в своих рядах желают увидеть Арысского ученика такие вузы Великобритании, как University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow.

«Успех Ерасыла показывает высокий потенциал учащихся нашего лицея и дает огромную поддержку будущим выпускникам. Это результат упорного труда, стремления к знаниям и настойчивости. Поздравляем Ерасыла с этим замечательным достижением. Желаем в дальнейшем покорять высоты!» — пожелал классный руководитель Максат Темирхан.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

berdaly_oraz

Министр Ғани Бейсембаев Түркістанда бірқатар білім мекемесін аралады

Арыс қаласында ұлттық кітап күніне орай тағылымды іс-шара өтті

Пікір жазу