АРЫСТА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Арыс қаласы әкімдігінде жалпы білім беретін мекеме басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен жиын өтті.
Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың төрағалығымен өткен мәжіліске қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, аудан прокурорының орынбасары Темур Әбдірахманов, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл әкімдері және білім беру мекемелерінің басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен олардың қадағалаусыз, панасыз қалуының және зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы 2024 жылғы атқарылған жұмысы бойынша Арыс АПБ ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы, аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рахымжан Шекербеков баяндама оқыды.
Сондай-ақ, қалалық білім бөлімі басшысы Әшімхан Момбеков сөз алып, мектептерде тәрбие ісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Жиынға қатысқан педагогтар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Қала басшысы кәмелетке толмағандар ісі бойынша жұмыстарды ширатуды, ата-ана және оқушылармен тікелей жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қаламыздағы жастар көп шоғырланатын орындарға, кафелер мен барларға, ойынханаларға, саябақтар, скверлерге рейдтік шараларды күшейту керектігін ескертті.
Жиын қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бақылауға алынды.

© Арыс Қаласы Әкімдігі


 

 

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ АҚҚАЛА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек

Пікір жазу