АРЫСТЫҚ ӨНЕРПАЗ Н.НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ҰСЫНҒАН СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Арыс қаласының тұрғыны Сүлейменова Әсел Берікқызы Түркістан мен Шымкент қаласы бойынша степендиант атанған жалғыз студент.
Салтанатты рәсім Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында өтті. Рәсімде елдің әр өңірінен келген небәрі 40 үздік студентке атаулы стипендиялар табысталды. Стипендиаттар оқу, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, қатаң іріктеуден өтті. Олардың ішінде академиялық үлгерімі жоғары, зерттеу және мәдени өмірге белсене қатысқан, республикалық және халықаралық байқауларда жеңіске жеткен жастар бар.
Республика бойынша дарынды жастар арасында үздіктер қатарында көрінген арыстық талантты жас  Шымкент музыкалдық колледжінде «Музыка теориясы» мамандығы бойынша 4 курс оқиды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

ҰБТ ережелері өзгерді

Альфия Адамбек

Пікір жазу