Түркістан облысы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер
АТАБЕКОВ ЕРҒАЛИ НҰРЛАНҰЛЫНЫҢ
ӨМІРДЕРЕГІ
Атабеков Ерғали Нұрланұлы, 08.02.1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
Үйленген, зайыбы Тойшыбек Мәдина Қылышбайқызы.
Бір қыз, екі ұлы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
- 07.08.2012-11.01.2013 жылдар аралығында Арыс қаласы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінде есепші маманы;
- 01.03.2013-29.08.2013 жылы Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті құқықтық экономикалық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы;
- 03.02.2014-21.07.2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасында бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;
- 10.10.2019-10.03.2020 жылдар аралығында «Альфа Строй-KZ» ЖШС мемлекеттік сатып алу маманы;
- 01.10.2020-08.02.2023 жылдар аралығында Арыс қаласының, «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статист маманы;
- 08.02.2023-28.08.2023 жылдар аралығында Арыс қаласының, «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
- 28.08.2023 жылдан бастап Арыс қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келеді.
ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі. Нәтижесінде мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін тұрақты дамыту бойынша ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Осыған сәйкес, кандидат келесідей бағдарламаларды ұсынады:
- Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл кәсіпкерлеріне қолдау білдіру;
- Халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, Қожатоғай ауыл округіне қарасты елді-мекендерді абаттандыру;
- Ауыл ішілік жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу, көшелерді жарықтандыру мәселесін шешу;
- Округтің кадрлық әлеуетін арттыруға, жұмысқа келген жастарға көмек көрсетуге, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге;
- Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- Қосымша жұмыс орындарын құруға және округ экономикасына инвестициялық жобаларды тарту;
- Зейнеткерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету, ауыл жастарының мемлекеттік грантарды көбірек алуына қолдау білдіру;
- Ауыл округ тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді пайдалануына күш салу.
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТАМЫЗ!
Түркістан облысы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер Атабеков Ерғали Нұрланұлы сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.