БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНҒА ҚОҚЫС ТАСТАҒАН АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Арыс қаласының Орталық базары маңында суағарларға тамақ қалдықтарын төгіп жүрген азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушы жылдам анықталып, ортақ пайдаланылатын аумақты ластап, коммуналдық қоқыстарды заңсыз тастағаны үшін айыппұл салынды.
Азаматқа мұндай әрекетті қайталаған жағдайда айыппұл мөлшері еселенетіні ескертілді. Сонымен қатар, қаланың абаттандырылуы мен көгалдандырылуына күш салып жүрген тұрғындардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету қажеттілігі түсіндірілді.
Қала тұрғындарын тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және экологиялық мәдениетті ұстануға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жаңа шағынаудан бой көтереді

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАН ОҚУДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

“Жарнама тақтасы құлаған”: Мысырдағы әуежайда қазақстандық әйел қаза тапты