Республика күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар,
Қадірлі арыстықтар!

Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!

2022 жылдың 16 маусымында Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керектігін атап өткен болатын.

Бүгінде араға біраз жылдар салып «25 қазан – Республика күні» ұлттық мереке ретінде бекітілді.

Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары.

Алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің егеменді ел болуға ұмтылған ерен ерліктері бүгінгі күні Егеменді ел жастарының жарқын істерімен, жалынды бастамаларымен өз жалғасын табуда.

Осынау айтулы мереке қарсаңында Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әрбір шаңыраққа бақ-береке және ырыс тілеймін!

Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспін!

Ізгі ниетпен,

.Ағманов

Арыс аудандық сотының судьясы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz

Астанадағы ауыр оқиға: Лифт ішінде жасөспірімнің кішкентай балаға шабуылы

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛЫП, МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Пікір жазу