ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Облыс әкімдігі қоймада картоп көлемі жеткілікті және алаңдауға негіз жоқ екендігін ескертеді.  Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.
Өңір тұрғындары төменде белгіленген мекенжайларда картопты 100 теңгеден сатып ала алады.
Бүгінде облысқа қарасы аудан, қалаларда 36 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта бекітілген төмен бағада сатылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы ауыр оқиға: Лифт ішінде жасөспірімнің кішкентай балаға шабуылы

berdaly_oraz

Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті әлі табылмады

Өңір жаңалықтары: Сауранда агросекторда егістік алқаптары ұлғайып, жаңа технологиялар енгізілуде

Альфия Адамбек

Пікір жазу