Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ерекше әсерлі сәттің куәсі болды. Әншінің немересі сахнаға шығып, әжесіне арнап өлең оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт барысында кішкентай немересі әжесіне деген сүйіспеншілігін өлең жолдары арқылы жеткізіп, залдағы жұртшылықты тебірентті. Роза Рымбаева немересін құшағына алып, алғысын білдірген сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Желі қолданушылары өнерлі әулеттің сабақтастығына тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік немересінің сахнадағы еркіндігі мен өнерге жақындығын ерекше атап өтті.
