ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын аралап көруді жоспарлаған.

Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды. Мемлекет басшысына әуежайдың жұмыс процесі, ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету жүйесі туралы ақпарат берілді. Президент жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залын және автоматтандырылған жүк беру жүйесін аралап көрді.

Жаңа терминал 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Жобаны жүзеге асыруға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған, ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінген.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, Қызылорданың экономикалық және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бердалы Ораз / сурет: Ақорда

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен фракция отырысы өтті

Redaktor Arysinfo

Мәжіліс инновациялық қызметті қолдауға бағытталған заң жобасын қарайтынын мәлімдеді

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҮНДЕУ ЖАСАП, ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

Redaktor Arysinfo