Түркістанда болашақ чемпиондар іріктелуде: ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды

Түркістан тағы бір мәрте республикалық деңгейдегі ірі спорт додасының орталығына айналды. Қалада 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтіп жатыр.

3–11 шілде аралығында өтетін ел біріншілігіне өңірлерден жиналған жас спортшылар қатысып, өз салмақ дәрежелері бойынша бақ сынауда. Бұл жарыс – жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, алдағы Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын үздік ауыр атлеттерді іріктейтін маңызды кезең.

Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы Түркістанның ірі спорттық іс-шараларды қабылдай алатын әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Жас зілтеміршілер үшін бұл дода халықаралық аренаға жол ашатын маңызды мүмкіндік саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Түркістандық ескекшілер Тайландта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

«Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасы мәреге жетті