АРЫС: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты жоюдың халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі.
Осыған байланысты, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Арыс қаласы аумағында « Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік!» атты акциясы аясында алқалы жиын өтті. Қалалық мәдениет үйінде өткен шараға қала әкімі орынбасары Рысдәулет Айтбаев, Арыс АПБ бастығы Бауыржан Қуатов, Арыс АПБ-ң әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова, қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, психологтар мен студенттер және қала тұрғындары қатысты.
Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселелері жан-жақты талқыланды. Полиция қызметіне деген сенім деңгейін арттыру, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту, қоғамда қауіпсіз әрі бейбіт орта қалыптастыру тақырыптары бойынша мазмұнды пікірлер айтылып, тың ұсыныстар жасалды.
Әкім орынбасапы Рысдәулет Пайланұлы өз сөзінде отбасы институтын нығайтудың маңыздылығына тоқталып, қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Арыс қалалық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуатов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, полицияның бұл бағыттағы қызметі және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде баяндама жасады.
Тағылымды шарада қалалық Ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Иманқұл Қалиев пен Әжелер алқасының мүшесі Фарида Қуатбекова отбасы институты, шаңырақтағы ата мен әже, әке мен ананың тәрбиедегі рөлі жайлы құнды баяндама жасады.
Іс-шара соңында қатысушылар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен қоғамды бірлікке, бейбітшілікке және отбасылық құндылықтарды қорғауға шақырды. Белсенділік акциясы аясында осындай мазмұнды іс-шаралар Арыс қаласында жалғаса бермек.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Мәжіліс инновациялық қызметті қолдауға бағытталған заң жобасын қарайтынын мәлімдеді

Шымкенттің бұрынғы судьясы алаяқтық үшін сотталды

berdaly_oraz

Пікір жазу