ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР АДАМДАРДЫ АРБАП БАРАДЫ

ВИКТИМОЛОГИЯ — КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ 
Виктимология латынша vіctіma (құрбан) және грекше — logos (ілім) деген екі сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді.
Қылмыс құрбаны туралы, қылмыстық әрекеттің құрбанына айналуы мүмкін жеке немесе топтық құрбандар туралы ғылым.
Виктимология құрбан болған адамның жеке басын, қылмыскер мен құрбан арасындағы қатынасты, қылмыс пен қылмыскерліктің туындау себебіндегі оның рөлін зерттейді.
Виктимология осы негізде қылмыстың құрбанына айналу ықтималдылығын, қылмыс құрбанымен жұмыс істеу тәсілін болжайтын теорияны жасайды, сондай-ақ қылмыс құрбаны болуы мүмкін адамдарды қорғау тәсілі туралы ақпараттар береді.
Аталған ғылымның пайымдауынша, көп жағдайда өзіне қатысты қастандықтың жасалуына қылмыс құрбаны мүмкіндік жасайды. Автобусқа мінген ұрының кімнің ақшасын ұрлау мүмкіндігі жоғары: сырт киімінің ішкі қалтасына қымтап алғанның ба, әлде шалбарының артқы қалтасынан шеті шығып тұрғанның ба?
Қазіргі таңда интернет алаяқтық, телекоммуникация желілері арқылы жасалатын қылмыстар өршіп тұрған кезде бұл аса өзектілікке ие болуда.
Қылмыскерлер адамдардың сенгіштігін және сауаты мен заманауи технологияларды меңгеру деңгейінің төмендігін теріс пайдаланып, талай азаматтарды сан соқтырып кетуде.
Сондықтан кез-келген қылмыстық әрекеттерден, оның ішінде алаяқтардың сан алуан айла-тәсілдерінен қорғанудың негізгі қағидаларын меңгеріп алған жөн. Қазіргі таңда ол туралы ақпараттар, құқық қорғау органдарының ескертпелері, сақтанудың алгоритмері мен тәсілдері туралы ресми жарияланымдары да жеткілікті.
«Сақтансаң, сақтаймын!» деген.
Сапархан Умаров
Арыс аудандық сотының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында борконьерлерден 80 келіге жуық балық тәркіленді

berdaly_oraz

«Депутаттық сауалымның еш қатысы жоқ» Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Украина бейбіт келіссөздерге дайын: Зеленскийдің жаңа мәлімдемесі

berdaly_oraz

Пікір жазу