АРЫС ҚАЛАСЫНАН КҮНБАҒЫС, МАҚТА ЖӘНЕ МАҚСАРЫ МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Автоматтандырылған, мультимәдениетті май экстрациялық кешені «Мега-Агат» ЖШС элеватор базасында бой көтереді. Жобаның инвестициялық құны – 9,0 миллиард теңге.
Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қала тұрғындарымен өткен кездесуде айтты.
Қала басшысыгның айтуынша аталған жоба жергілікті ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып, қаланың экономикалық өркендеуіне септігін тигізеді. Зауыт күн сайын 500 тоннадан астам күнбағыс майын шығарады. Жоба аясында жергілікті 150 тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жаңа кәсіпорын инвестордың өз қаржысына салынады. Зауыт сапалы пісте майын өндіруге бағытталады және заманауи технологияларды пайдалана отырып, өндіріс үдерісінің халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Бұл өз кезегінде Арыстың ауылшаруашылық өнімдерін әртараптандыруға және орнықты экономикалық дамуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл өз кезегінде Түркістан облысындағы бірегей зауыт болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Өңір жаңалығы: Сайрам ауданында 600 орындық жайлы мектеп салынуда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Пікір жазу